Zhiger

• «Кәсіптік бағдар беру қызметіндегі педагогтің заманауи бағыттары мен даму стратегиясы»;

27.01.2026

Қазіргі таңда еңбек нарығында өз орнын таба алатын білікті кадрларды даярлау мемлекеттік саясаттағы негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы білім беру жүйесін жетілдіруге, кадрлар даярлау сапасын арттыруға және еңбек нарығының сұранысына бейімделген адами капиталды қалыптастыруға жаңа серпін беріп отыр.

•	«Кәсіптік бағдар беру қызметіндегі педагогтің заманауи бағыттары мен даму стратегиясы»;

О курсе

Осы мемлекеттік басымдықтарды ескере отырып, «Кәсіптік бағдар беру қызметіндегі педагогтің заманауи бағыттары мен даму стратегиясы» педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама білім алушыларға кәсіптік бағдар беруді жүйелі түрде ұйымдастыруға, кәсіби іс-шараларды тиімді өткізуге және мамандық таңдау мәселелері бойынша сапалы кеңес беру үшін педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған. Бағдарламаны әзірлеу барысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты, білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттардың талаптары негізге алынды. Бұл құжаттар бағдарламаның мазмұндық, құрылымдық және нәтижелік бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарламада халықаралық тәжірибе де кәсіптік бағдар беру жұмысының білім беру жүйесіндегі маңыздылығын айқындалады. OECD-ның Education 2030: The Future of Education and Skills құжатында кәсіби бағдар беру білім алушылардың мансаптық дамуын қолдап, саналы кәсіби таңдау жасауға және еңбек нарығының өзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік беретін үздіксіз процесс ретінде сипатталады . UNESCO-ның Reimagining Our Futures Together баяндамасында кәсіби бағдарлау білім алушылардың өзін-өзі тануына, жауапты шешім қабылдауына және әлеуметтік әділеттілікті сақтай отырып кәсіби жолын айқындауына жағдай жасайтын құрал ретінде көрсетіледі. Сонымен қатар, ерте жастан бастап жүйелі жүргізілген кәсіби бағдарлау икемді дағдылар (soft skills), сыни ойлау, ынтымақтастық пен өзіндік даму қабілеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар, OECD-ның Career Guidance for Adults in a Changing World of Work аналитикалық шолуында тиімді кәсіптік бағдар беру педагогтердің әдістемелік даярлығына, диагностикалық құралдарды қолдануына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен, жоғары оқу орындарымен және басқа да әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылына тікелей байланысты екені атап өтіледі. Бұл тәсіл білім алушылардың кәсіби таңдауының саналы әрі негізделген болуына және олардың еңбек нарығына табысты бейімделуіне ықпал етеді. Осы мемлекеттік және халықаралық ұстанымдарды ескере отырып, бағдарлама мазмұны кәсіптік бағдар беру қызметін жүйелі түрде ұйымдастырудың заманауи талаптарына негізделген. Бағдарлама құрылымы кәсіптік бағдар берудің нормативтік-құқықтық негіздерін, психологиялық-педагогикалық шарттарын, заманауи әдістері мен цифрлық құралдарын, әлеуметтік серіктестік тетіктерін және кәсіптік бағдар беру қызметінің тиімділігін бағалау мәселелерін кешенді түрде қамтитын модульдерден тұрады. Бағдарламада білім алушылардың жас ерекшеліктері мен даму кезеңдеріне сәйкес кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жоспарлау, диагностикалау, іске асыру және талдау бойынша педагогтердің кәсіби әрекетін жетілдіруге басымдық беріледі. Бұл ретте педагогтердің білім алушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау, мотивациясын қалыптастыру, саналы кәсіби таңдау жасауына жағдай жасау және еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып бағыт беру құзыреттерін дамыту көзделеді.

Образовательная программа

1 модуль Кәсіптік бағдар беру қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері мен тұжырымдамалары
2 модуль Білім алушылардың кәсіби бағыттарын қалыптастырудағы психологиялық‑педагогикалық негіздері
3 модуль Кәсіптік бағдар берудің заманауи әдістері мен әдістемелік қамтамасыз етілуі
4 модуль Әлеуметтік серіктестік және сыртқы субъектілермен өзара іс-қимылы
5 модуль Кәсіптік бағдар беру қызметінің тиімділігін бағалау

Отзывы студентов

Оставить отзыв

Отзывов еще нет. Будьте первыми!

Просмотры
111
Слушателей
0
Записаться на курс

Похожие курсы

•	ОП «Мектеп кітапханашысының кәсіби дамуы - заманауи тәсілдер».

• ОП «Мектеп кітапханашысының кәсіби дамуы - заманауи тәсілдер».

«Мектеп кітапханашысының заманауи рөлі мен қызметі» тақырыбындағы облыстық, қалалық, аудандық және жалпы орта мектеп кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы (көлемі – 72 академиялық сағат) білім беру ұйымдарындағы кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.Бұдан әрі (Бағдарлама) ның өзектілігі жалпы орта білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында мектеп кітапханалары қызметінің мазмұны мен бағыттарының өзгеруімен айқындалады.

•	ОП «Жасанды интеллект қызметтерін пайдалана отырып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»;

• ОП «Жасанды интеллект қызметтерін пайдалана отырып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»;

Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады және оның әлеуметтік, танымдық әрі эмоционалдық интеллектінің қалыптасу алғышарттарын айқындайды. Осы кезеңде қалыптасатын тәрбиелік орта баланың болашақта табысты әлеуметтенуі мен оқу әрекетінің негізін қалайды.

•	ОП «Жасанды интеллект және 3D модельдеу технологияларын көркем еңбек және кәсіптік білім беруде қолдану»;

• ОП «Жасанды интеллект және 3D модельдеу технологияларын көркем еңбек және кәсіптік білім беруде қолдану»;

Қазіргі таңда кәсіптің қай саласында да жасанды интелектіні қолдану қарқынды дамуда. Ел президентінің өзі халыққа жолдауында: «Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс» - деп атап өткен болатын. Аталған мақсатта жасалынып жатқан істер, жаңа бастамалар қолға алынуда. Осыған орай 3D бағдарламалардың көмегімен костюмді жобалап, оны жасанды интеллект арқылы демонстрациялау сән индусриясындағы бірнеше мәселелердің шешімін табуға көмектеседі.